Ақтамберді жыраудың «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауы

Ақтамберді жыраудың «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауының тақырыбы

Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. “Күмбір-күмбір кісінетіп”, “Уа, қарт Бөгембай”, “Менімен ханым ойнаспа”, “Жауға шаптым ту байлап”, “Заманым менің тар болды” және тағы басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы. Ақтамбердінің “Балаларыма өсиет” деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады.