ХVІІ ғасырдағы Жиембет жырлары Есім хан тұсында ел арасында берік тәртіп орныққанын аңдатады. Ал Ақтамберді, Үмбетей, Бұқарлардың жыр-толғауларынан ХVІІІ ғасырдағы ел өмірінің түрлі көріністерімен қатар, жекелеген адамдардың ұнамды-ұнамсыз іс-әрекеттерін, мінез-құлықтарын көреміз және сол әрекеттердің арғы астарына дендей көз салар болсақ, ел тірлігіндегі жақсылы-жаманды оқиғаларды, әртүрлі әлеуметтік қарым-қатынастарды аңғарамыз.
Ал жыраулар поэзиясында ел өмірінің алуан мазмұнда көрініс табуы және солардың бәрінде береке-бірлікті ұлағат етуге бағдар ұсталуы – жыраулардың өз дәуіріндегі өмір шындығын алға тарта отырып, елді жақсылыққа бастауды мақсат тұтқан және сол мақсат жолында қызмет қылған қайраткер тұлғалар болғандығының айқын айғағы.