Шалкиіздің арнау толғауларының әлеуметтік мәні

Ш. Тіленшіұлы (1456 – 1560) – қазақ поэзиясында философиялық бағыттың негізін салушы, жаңашыл жырау. Шалкиіз - әскербасы, батыр. Поэзиясы – белгілі дәрежеде жаугершілік поэзия, рухы-ерлік. Ұрыс даласындағы батырдың қимыл – қозғалысын жанды суреттер арқылы жеткізу, батыр бейнесінің статикалық күйде сомдалу үлгілері байқалады. Би Темірге арналған толғаулары («Аспанды бұлт құрсайды», «Қара бас күспен шалдырып»).

Оның барлық толғаулары – заман, өмір, мораль туралы дидактикалық шешендік туындылар. Шалкиіз шығармаларынан айқын аңғарылатын сыр —оның логикалық жағынан жүйелі келуі. Жырау туындыларына ұйытқы болған оқиғалар аса көп емес, әйтсе де оның өмір кезеңдерін, дәуірге көзқарасын өлең-толғауларына қарап мол сезінуге болады. Шалкиіз жырларында суреттелетін адамдар —Темір, Азике, Мансұр, Арық хан және жыраудың өзі. Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық «мені» арқылы танимыз. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермеген, турашылдығынан танбаған. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпімді қуатымен ерек-шеленеді. Шалкиіз — көбі мақалға айналып кеткен талай афористік сөздердің авторы.

(Жаман туған бар болса, жаман жолдас көп болса, жазаны содан көрерсің т.б.)

Ел әңгімелерінің айтуынша, Шалгез батыр болған. Жауынгер, жорықшы жырау болғандығы оның өз шығармаларынан да көрінеді. Шалгез поэзиясы белгілі дәрежеде жаугершілік поэзиясы. Мұның куәсі жыраудың ескілік қаруы имек садақ пен қайқы қылыштан тым аулақ тұрмағанын көрсететін өлеңдерінен-ақ байқауға болады. («Аспанды бұлт құрсайды», «Балпаң-балпаң басқан күн», «Асқар, асқар, асқар тау» т.б.).