Толғаудың жанрлық ерекшеліктері
Толғаудың жанрлық ерекшеліктері
Толғау жанрына байланысты ғылыми зерттеулер де біршама жарық көрді. Қазақтың белді ғалымдары А.Байтұрсынов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Р.Бердібай, М.Жармұхамедов, Б.Абылқасымов т.б. толғау жанрына байланысты сүбелі ойларын ортаға салып, оның жанрлық, тарихи, тілдік сипатын ашып берді. Толғауға байланысты жоғарыда аталған ғалымдардың ойлары ауызша үлгідегі халықтық поэзияның әдебиеттану ғылымында алатын орнын айқындаған жемісті еңбектер болды. Дегенмен, толғау жанрының әлеуметтік-философиялық құндылығы ғалымдардың еңбектерінде бірді-екілі мысалдармен айтылып өткенімен, өз алдына жеке-дара қарастырылған емес.