Кәрілік, жарлылық, жалғыздық, сақилық, батырлық, жүйріктік ұғымына орай өмірден түйген тұжырымдар, тіршіліктің сан қилы мәселелері жайынан мағыналы пікірлерлер шертеді.
Ақын туындыларына салдыр-салақ қарамайды. Кесек сөз, көрікті теңеулерін келісті ұйқаспен керемет жымдастырады.
Қалағандарың сөз болса,
Мен жырлауға құмармын,
Шұбалаң құйрық шұбармын,
Шапқан аттай саулаймын,
Жанған оттай қаулаймын.
Не қылғанмен дер күнім,
Бұлдыраған таудаймын.
Ұйқастың ұтымды орын алуымен қатар толғауларында келісті эпитет, метафора, градация да орынды қолданылған. Аллитерация да, ассонанс та бар. Бұндай көркем шумақтар белгілі ақындардан да кездеседі, бірақ жал-құйрығы төгілген шұбар, (қазақ жүйрікті шұбар, мәстекті торы, сәйгүлікті ақбоз деген ғой) саулаған жүйрік, қаулаған от, басына бұлт қонып бұлдыраған тау… тек Ақтан да ғана.
Академик З.Ахметов өзінің «Өлең сөздің теориясы» деген университеттер мен педагогтық институттардың филология факультеттеріне арналған оқу құралында, Ақтан ақыннан мысал келтіре отырып: «Кейде теңеуге метафора түрінде қолданылған бейнелеу де ілесе туады.