Доспамбеттің толғауларының тақырыбы
Қазақ хандығының құрылу кезеңінде өмір сүрген, ұлттық әдебиеттің қалыптасуында көрнекті рөл атқарған – Доспамбет жырау. Жырау толғаулардың басты идеясы – ерлікті, батырлықты дәріптеу. Елді – жерді қорғау міндетті, майданда шаһид кешу, соғысып өлу арманының көрініс табуы («Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ Жайық», «Сере, сере,сере қар»), Доспамбеттің өмір салты көрініс табуы «Тоғай, тоғай, тоғай су» өлеңінен байқалады.
Жыраудың шағын көлемді шымыр толғауларынан көне заман таңбасы – дала тұрғынының дүниетанымы, адамдық табиғаты, мінез ерекшелігі, адамгершілік, этик. қағидалары айқын аңғарылады. Жырау дүниеде мәңгі, тұрақты ештеңе жоқ деп біледі. Әлем бір қалыпта тұрмайды, адам өмірі де өтпелі. Жырау осының бәрін табиғат заңы деп түсінеді. Жырау адамдық қасиеттерді асқақтата жырлайды. Жеке бас еркіндігін бәрінен жоғары қояды. Отаншылдық рухты насихаттайды. Шалкиіз қазақ поэзиясын көркемдеу тәсілдері, өлең өрнегі саласында да айрықша байытты. Шалкиіздің толғаулары ең алғаш 1875 ж. хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланыпты. Жырау мұралары ерте жиналуына байланысты бүгінгі күндерге бірсыдырғы толық жетті. Негізгі қадым замандарда белгілене бастағанымен, Шалкиіз және Доспамбет шығармалары арқылы қалыпты жүйеге түскен жыраулық өлең өлшемі көне ақындар шығармаларында және батырлар жырында үш ғасырдан астам уақыт кеңінен қолданылды. Қазақ халқы ерлік күреске толы күн кешкен 17 ғ-дан біздің заманымызға Жиембет (17 ғ.), Марғасқа (17 ғ.) жыраулардың шығармалары жетті. Екеуінің де өмір жолы Есім хан тұсындағы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты.