Доспамбеттің қолданысындағы «аға» сөзінің мағынасы

Доспамбеттің қолданысындағы «аға» сөзінің мағынасы

Ауыз әдебиетінің деректері мұндай қолбасылық дәреже осы кезде қалыптасқан Ноғайлы Ордасында, Қырым хандығында, Қазақ хандығында да болғанын көрсетеді. Қазақ тілінде “қол ағалық” сөз тіркесі аға сөзінің әскербасы мағынасын көрсетеді. Биік әскери дәрежені көрсететін аға сөзі шығыста хан сарайларындағы “есік ағасы”, “есік ағасыбасы”, “шора ағасы” дәрежелерінде де сақталған. Өзінің толғауында айтылғандай Доспамбет жырау Аймадетұлы аға дәрежесіндегі әскербасы болған. аға дәрежесі әмір, бек дәрежесімен тең болғанға ұқсайды.