Асан Қайғы Қаласының философия дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді:
этикалық дүниетаным – ұлы жыраудың философия ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктермен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды.
Поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дәлелдеп берді. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері Асан Қайғы философиясының басты бағыттары.
Асан Қайғы гуманизмі, адамға деген сүйіс пеншілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асан Қайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асан Қайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды. Асан Қайғы Оқшы ата қорымына жерленіп, басына кесене тұрғызылған.
Асанқайғының нақ жерленген жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша, Жезқазған облысының Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16 шақырым жерде жерленген екен. Асанқайғыға арнап жасалған ескерткіш Асан ата кесенесі "Жеті әулие" қорымында.