Қазіргі отбасыларда қандай проблемалар кездеседі?
Негізгі мәселе ақша демес едім. Қанағат болмаса қанша ақшалы болсаң да ұрыс-керіс таусылмайды ғой. Басты жетістік, отағасының әйелін ақылды басқара білуі дер едім. Ал проблема - әйелдің мойынсұнғысы келмеуі, қырсықтық, бір сөзбен айтқанда, еркектің 100 пайыз отағасы бола алу қабілетінің төмендігі. Жалпы, екеуара үндестік болған кезде, туған-туыспен реніш, ақшаның болмауы деген қиындықтар ретімен шешіле береді. Жұптардың өзара үндестігі болса, отбасы 1 жылдан соң да, 3 жылдан соң да тату-тәтті боп жүре береді. Бұны 3 жылдық қана тәжірибем болған соң айтып жатқаным ғой .