Жаңа Жылды қалай қарсы алдыңыз?
Жаңа 2012 жыл құтты болсын! Қалай қарсы алдыңыздар? Басыңыздан қандай қызықты жағдайлар өтті?
Мен, әдеттегідей, ата-анам, бауырларыммен бірге үйде қарсы алдым. Аса қатты дайындық жасадық деп айта алмаймын. Себебі, отбасымызбен осы мерекеге бей-жай қарайтындардың қатарынанбыз.
Ақ дастархан басында, теледидар алдында Жаңа Жылды қарсы алдық. Ағайын-туыс, көрші-достардың құттықтаулары, сый-сыяпаттар. 00.00 болғанда неше түрлі отшашуларды көрдік. Тамаша болды!
Міне, осылай, мен 2012-жылды қарсы алдым!
Биылғы жыл кібісе жылы. Кібісе жылы туралы мына жерде http://massaget.kz/bastangy/psihologiya/758 жазылған. Ал менің ойымша, ырымдардың бәрі далбаса емес... Сіз қалай ойлайсыз?