Ұстаздар атасы / Master of Study

Мемлекет: Оңтүстік Корея
Жыл: 2010
Сериялар саны: 16
Жанр: мектеп, комедия
Режиссер: Yoo Hyun Ki

Рөлдерде:
Ким Су Ро - Кан Сок Хо
Пэ Ду На - Хан Су Чжан
О Юн А - Чжан Ма Ри
Ю Сын Хо - Хван Пэк Хён
Пак Чжи Ён - На Хён Чжан
Ко А Сан - Гиль Пуль Ип
Ли Хён У - Хон Чан Ду
Ли Чан Хо - О Бон Гу
Бён Хи Бон - Ча Ки Бон
Ли Бён Чжун - Энтони Ян
Им Чжи Ён - Ли Ён Ю
Шим Хён Так - Чжан Юн Шик
Пак Чхиль Юн - Ха Сан Кил

Сипаттама:

Dragon Zakura жапон дорамасының ремейкі. Әйгілі жапон мангасының желісімен түсірілген.

Басты кейіпкер Кан Сок Хо адвокат болып жұмыс істеп жүреді. Бір күні оған «тозған» бір мектептің ісін қарастыруға ұсыныс түседі. Мектепте кілең тұрмысы нашар отбасылардың балалары, не болмаса тәрбиесіз, білімге ұмтылмайтын оқушылар оқиды. Мұны көрген адвокат оқушыларды ақылға салып, білімге ұмтылуына көмектесіп және университеттің беделін көтеру ниетімен арнайы сынып ашпақ болады. Арнайы сыныптың басты мақсаты - оқушылардың бесеуін Кореядағы ең беделді университеттердің бірі Чхон Хаға түсіру. Алайда, адвокаттың бұл жоспарына жастар түгіл, ересектер де сенбейді. Сенбеген соң, сыныпқа оқушылар қалай жиналмақ? Бұған да адвокаттың қулығы мен өз тәсілі бар. Чхон Ха университетіне түседі деген потенциалды бес оқушыны жинағаннан кейін «Білім» деген үлкен теңізге сапар басталады. Бұл сапардың соңы немен аяқталады? Чхон Ханың есігі кімге ашылады?

Аударған:
1-2 серия - Zere
3-16 серия - [b:2h2oodar][i:2h2oodar]ізделуде[/i:2h2oodar][/b:2h2oodar]

Редактор:

1-2 серия - Ushkin
3-16 серия - [b:2h2oodar][i:2h2oodar]ізделуде[/i:2h2oodar][/b:2h2oodar]

3-4 сериаларды аударуға мен алдым

Көрермендер риза болып қалатын болды. Ура! :)

:D :D :D сериаларды компьютерге жазу қиындық келтіріп тұр. :roll: :roll: Осы жағынан көмектесетін адам барма? :?: :?: :?:
өте жақсы кино маган да унайд ше
Дорама толықтай аударылып бітті. Мына жерден көре аласыздар: http://massaget.kz/translate/serialdar/16
Былтыр сайтымызды корей сериалдарын аударамыз деп шешкенде осы "God of study" орысша аудармасында "Мастер обучения" бірінші кезекте тұрды. Бұл сериалдың атын қалай қазақшалаймыз деп біраз бас қатырдық, негізінде "Шебер ұстаз" деген жақсы келеді екен, бірақ қатты жаңылыспадық деген ойдамын. :)
Жалпы корей телехикаяларында адамды еңбекке, білімге, тынымсыз алға жылжуға итермелейтін тақырыптар көптеп кездеседі. Және бұл дұрыс та. Адам өзіне сеніп, бәрі өз қолында екенін түсінгенде ғана жетістікке жететінін ұғындыру оларға өте маңызды. Осы сериалда бұл ауқымды түрде ашылады. Тағдырға бағынған, қолымыздан ештеңе келмейді деген 5 оқушы, оларға тіпті үлкен университетке түсу түстеріне де көрмеген. Бірақ жас кезінде өздеріндей болған адвокат оларға армандарына сенуге шақырады, ұмтылуға, тырысуға, бар күштерін салып оқыса бәріне қол жеткізуге болатынын дәлелдейді. Көбіне біз мектеп бағдарламасы қиындай түскен сайын оған бас қатыруда қойып, жеңіл жолды таңдап, әйтеуір аттестат алсам жеткілікті дей салады. Бірақ сол кітапты құрастырушылар, білім берушілер оқушы шығара алмайтын, олар түсінбейтін бағдарламалар жасамайды ғой. Демек көп жағдайда өзіміз миымызды қосып, ойлануға тырыспаймыз. Ал нгізінде жетістікке жетудің бірден-бірі жолы - білім. Білімді адам ешқашан жолда қалмайды. Сонымен қатар, бұл сериал білімді болып қана қоймай, тәрбиелі болуға шақырады. Қанша жерден қырсық, қыңыр, өз айтқаныңнан қайтпайтын, үлкенге құрметің болмаса, бұл да өмірде үлкен кедергі екенін көрсетеді. Иілетін жерде иіліп, ал мінезді көрсететін жерде көрсетіп қалу керек. Әр сериясында кейіпкерлерді түрлі жағдайларға ұшыратып, сабақ алуға үйретеді. Менің ойымша, бұл сериалды көрген әр адам өзіне мотивация алып, жетістікке жетуге ұмтылатын болады. Әсіресе, мектеп оқушыларын міндетті түрде көруге шақырамын. Өздеріңізге сеніңіздер, білім мен еңбек бәрін де жеңбек!