Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақ халқының қалыптасуы. Жүздер – қазақ халқының этнотерриториялық ұйымы

Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген адамдардың түр-сипаты
Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2—1-мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуропеоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп келген, мұрны деңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге ұқсас.

Кейінгі жылдары Ойжайлау қорымынан (Жамбыл облысы) табылған бас сүйектердің біразының беті сопақша, маңдайы шығыңқы, ал Зевакино қорымынан (Шығыс Қазақстан) сопақ басты, ат жақты, көз шарасы ұялы, мұрны құсырыңқы бас сүйектер табылды. Бұл антропологиялық материалдар Қазақстан жерін қола дәуірінің соңына қарай мекендеген тайпалардың Орталық Азия тұрғындарымен жақындығын көрсетеді. Қола дәуірінің Алексеевское қонысынан (Қостанай) табылған әйелдің бас сүйегі Мәскеудегі М.М.Герасимов атындағы зертханада қалпына келтірілген. Бұл бейнеден андрондық тұрпатты көруге болады.