Ресей империясының сыртқы саясат архиві, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Мәскеудегі Бас архиві (1832 — 1920) мен Санкт-Петербургтегі Бас архивінің (1834 — 64) біріктірілуі негізінде 1946 ж. құрылған.
1992 жылға дейін Ресейдің сыртқы саясат архиві деп аталды. Онда 1917 жылға дейінгі Ресейдің сыртқы саясатына байланысты 600 мыңға жуық істі құрайтын құжаттар жинақталған. Бұл құжаттар негізінен Ресей империясы Сыртқы істер министрлігінің, шетелдердегі елшіліктер мен консулдықтардың қызметіне тікелей байланысты. Ең көне құжат 16 ғ-ға қатысты. Қорының жалпы саны — 374. Сыртқы істер министрлігінің Санкт-Петербургтегі Бас архиві, Қырғыз-қайсақ ісі, Азия департаменті деп аталатын қорларда патшалық Ресейдің 17 — 19 ғ-ларда Қазақстанға, Түркістан өлкесіне қатысты ұстанған саясатына байланысты құжаттар көптеп кездеседі. Кіші, Орта және Ұлы жүз қазақтарының Ресей бодандығына өтуі мен қазақ жерінде жүргізілген орыс отаршылдығын зерттеуде бұл құжаттардың маңызы зор. Сондай-ақ архив қорларында Есет Көтібарұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық күреске қатысты құжаттар да бар. Сыртқы істер министрлігінің Орта Азия үстелі, Түрік үстелі, Константинопольдегі консулдығы деп аталатын қорларда 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезіндегі қазақ зиялыларының өзге түркі-мұсылман халықтары өкілдерімен азаттық қозғалыстағы байланыстары жайында мәліметтер кездеседі. Патша өкіметінің 1916 жылғы көтерілісті аяусыз басып-жаншуына байланысты Жетісудағы қазақ-қырғыздың Қытай жеріне босуы және ондағы ауыр жағдайы туралы құжаттар Сыртқы істер министрлігінің Қытай үстелі және Құлжа консулдығы қорларында жинақталған.[1]