Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді.
Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды.
Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді.
Екіншіден, Орал қазақ әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.
Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады.
Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліске салды.