Тау-кен ісінің жағдайы[өңдеу]
Қазақстан тас көмір кеніне бай болды. Олардың ірілері Орталық Қазақстанда еді. Қарағанды көмірін алғашқылардың бірі болып 1833 жылы Аппақ Байжанов (1824-1887) ашты.
Ертіс бойындағы және Орталық Қазақстандағы көптеген кен орындарын тұңғыш рет ашқан адам Қосым Пішенбаев болды. Ол 1867 жылы Екібастұз көмірі, 1895 жылы Майқайың полиметалл кен орындарын ашқаны туралы бірінші болып мәлімдеді. Қ. Пішенбаев Павлодардағы миллионер-көпес А.И. Деровқа жалданып, кен көздерін іздеуші және маркшейдер болып жұмыс істеді. Ол Баянауыл даласындағы Александровка, Талдыкөл, Жамантұз, Қарасор, Шөптікөл, Майкөбен сияқты тас көмір кен орындарын ашты.
Ресей кәсіпкерлері жергілікті қазақтардан аса бай кен орындарын су тегін бағаға сатып алды. Мәселен, XIX ғасырдың 40-жылдарында Н. Ушаков, А. Рязанов деген көпестер қазақтардан Қарағанды көмірі кен орындарын, Успенск мыс кеніштерін, Жезқазған және Спасск-Воскресенск мыс кеніштері аймағын өте арзанға сатып алды.
Алайда XX ғасырдың бас кезіне қарай тау-кен кәсіпорындарының басым бөлігі шетелдік кәсіпкерлердің қолына көшті. Патша үкіметі шетелдік кәсіпкерлерге шет аймақтарды игеруіне кең жол ашып берген еді. Кен орындарын игеруге орыс кәсіпкерлерінің жеткілікті тәжірибесі де, заманауи техникалық құралдары да болған жоқ. Олар өндірілген дайын өнімді өткізуде қыруар көп қиындықтарға душар болды. Ал Ресей шенеуніктері шетелдік кәсіпкерлер жағында болды. Олар шетелдік кәсіпкерлерден қолдау көрсеткені үшін пара алып тұратын. Шетелдік кәсіпкерлер көбінесе кездейсоқ адамдар болды. Олардың арасында қатардағы мұғалімдер, ет сататын қасапшылар, ұсақ саудагерлер, тіпті тілмаштар да бар еді. Өздерінің жеке меншігінде капиталы болмаса да, батыс елдеріндегі банкілердің берген несиесіне Қазақстандағы кеніштер мен шахталарды су тегін дерлік бағамен сатып алып, тез байып шыға келді. Жергілікті арзан шикізатты өздерінде қымбатқа сатып, банкілерден алған қарыздарынан құтылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыруар пайданың астында қалды.
Кен орындары мен шахталар жыртқыштықпен талан-таражға салып тонаудың салдарынан бірте-бірте істен шыға бастады. Олардағы техника іс жүзінде жаңартылған жоқ. Ал өндірілген шикізат шетел асып кетіп жатты.
1904 жылы Лондонда «Спасск мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» құрылды. Бұл қоғам орыс көпестерінен мыс кеніштерін сатып алумен белсенді түрде айналысты. Тап осындай жолмен шетелдіктерге Спасск-Воскресенский және Успенск мыс кеніштері, Спасск мыс қорыту зауыты, сондай-ақ Саран және Қарағанды көмір кендері сатылып кетті. Акция ұстаушылар Англияның, Францияның, АҚШ-тың, Германияның, Швецияның, Испанияның және басқа да елдердің азаматтары болды.
Тап сол 1904 жылы Риддер мен Зыряндағы аса бай түсті металл кен орындарын австриялық кәсіпкерлер сатып алды. 1906 жылы тағы да сол Лондонда «Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» пайда болды. Бұл қоғам Жезқазған аймағындағы мыс кеніштерін түгел сатып алды. Олар тез арада Байқоңыр аймағындағы темір кен орындарын да, әк карьерлерін де иемденіп шыға келді.[1]