ХХ ғ.басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы

ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы. Тауар-ақша қатынасының енуі

1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.

Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.