Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық ерекшеліктері

Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктерін сөз еткенде, үш түрлі мәселе ескерілуге тиіс: 1) дыбыстық құрамы, 2) буын жігі, 3) айтылу ырғағы.
Еліктеу сөздер, сыртқы морфологиялық құрылысына қарай, жалаң да, күрделі де болады.
Негізгі еліктеу сөздер деп айналадағы табиғат құбылыстарын құлақпен есту арқылы қабылданған дыбыстардан және көзбен көру арқылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет ететін түбір сөздерді айтамыз.
Туынды еліктеу сөздер деп негізгі (түбір) еліктеу сөздерден де және басқа атауыш (атаушы) сөздерден де тиісті жұрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді айтамыз. Мысалы: алшаң, арбаң.
Туынды еліктеуіш сездер жасайтын жұрнақтар мыналар: -ң, -ың, -ің, -аң, -ең жұрнағы. Бұл жұрнақ арқылы туынды еліктеу сөздер жасауға мынадай формалар негіз болады:
Күрделі еліктеу сөздер деп жалаң еліктеу сөздердің негізгі, я туынды формаларының не қайталануы, не сарлануы арқылы жасалған түрлерін айтамыз.
Қүрделі еліктеу сөздер компоненттерінің формаларына қарай оларды мынадай негізгі төрт топқа бөлуге болады:
1) арс-арс, борт-борт, быж-быж, гүр-гүр, дүр-дүр, дір-дір, жарқ-жарқ, жалт-жалт, елп-елп, зыр-зыр, зырқ-зырқ, лап-лап, лып-лып, маң-маң, күмп-күмп, күрс-күрс, селк-селк, тарп-тарп т. б.
2) арс-ұрс, баж-бұж, жарқ-жұрқ, шап-шұп, шалп-шұлп т. б.
3) арбаң-арбаң, алшаң-алшаң, ағараң-ағараң, далаң-далаң, елең-елең, елбең-елбең, ербең-ербең, балпаң-балпаң, бортаң-бортаң, бүрсең-бүрсең, жалаң-жалаң, жалбаң-жалбаң, жалтаң-жалтаң, қызараң-қызараң, көлбең-көлбең, қожаң-қожаң, қоқаң-қоқаң т. б.
4) Арбаң-ербең, арбаң-тарбаң, адыраң-едірең, қиқаң-қиқаң, олпаң-солпаң т.б.