Тәуелдік категориясы
Зат есімнің тәуелдік категориясы -түркі тілдерінің ерекшелігін білдіретін категория, өйткені "грамматикалық категорияларда универсалды грамматиканың жалпы категориялары емес, туыстас тілдердің тобының немесе жеке тілдердің грамматикалық құрылысының басты ерекшеліктері көрінеді".Сондықтган түркі тілдерінде соның ішінде қазақ тілінде дербес категория болып табылатын тәуелдік категориясы орыс тілінде жоқ. Бірақ орыс тілінде тәуелдік мағына бар ол лексикалық тәсіл арқылы беріледі (мой, твой т.б.).
Түркі тілдерінің ерекшелігі болып табылатын тәуелдік категориясы –бірзаттың екінші затқа меншік тілігін білдіретін категория. Нақтырақ айтқанда, тәуелденіп тұрған зат есімнен әрі біреудің иелігіне жататын сол заттың өзі, әрі оны иемденуші адам-мұның екеуі де қоса ұғынылады "немесе" иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория".
Тәуелдік категориясының мағынасы тәуелдік жалғаулары арқылы беріледі, яғни тәуелдік жалғауы грамматикалық мағынасы жағынан ең алдымен тәуелдік мағынаны, екіншіден, сол тәуелдік мағынаны белгілі жаққа байланысты жекеше, көпше түрде білдіреді.