Философиялық лирика

Философиялық лирика

Философиялық лирика - лириканың тақырыптық табиғатына, мазмұндық-идеялык тұрғыда жіктелуіне қатысты туған ұғым. Философиялық лирика термині әдебиеттануда жиі ұшырасатындығына қарамастан, ол туралы дәйекті, тиянақты байлам жоқ. Сондықтан философиялық лирика термині кейде тым кең аяда - болмыс, өмір, тағдыр жайын толғаған кез келген өлен-жырға байланысты қарастырылады. Философиялық лирика мен кадым заман акындарының туындыларынан ежелгі дүние таным іздері бажайланса, ол - философия мен поэзия арасындагы мәңгі бірліктің, сарындастыктың айғағы. Осы орайда көптеген философиялық еңбектердің өлең сөзбен жазылғанын (мысалы, Гесиодтың философиялық дастандары, Ж.Баласағүнидің "Құтты білік"), тұтас бір философиялық бағыттардың нақтылы поэтикалық шығармалардан ("Илиаданың" әсерімен дүниеге келген гомеризм ағымы) бастау алатындығын да ескерткен жөн. Алайда "филосфемаға" негізделген өлеңдердің баршасын бірдей философиялық лирикаға телуге болмайтыны түсінікті. Өлең рухынан әлемге, өмірге, адам тағдырына деген лирикалық көзқарастың көрініс табуы, жан толқынысынан хабар беретінін лирикалық үн естіліп, болмыс мәнін, шындық елесін іздеген, мәңгілік сауалдарды өзінше қабылдап, өзінше жауап қайтаруға тырысқан лирик.