Төкпе айтыс

Төкпе айтыс

жалпы айтысты алсақ, бүгінде Совет Одағында үш елде толық сақталғанын көреміз. Ол - қазақ, қырғыз, қарақалпақ елдері. Қазақ ішінде әсіресе бұрынғы Ұлы жүз аталған бөлімінде және Сыр бойының елдерінде нағыз көп айтылған, көпшілік айтатын фольклор түрі көп, толық сақталған. Жамбылдың өзі жүрген ел ортасын аңғарсақ, онда жүздегі Жамбылдан бері қарай, бар буынның ақындары бар. Ең соңы жиырмаға жаңа жеткен, қыз-жігіттің арасынан шығып отырған айтысқа жүйрік жастар бүгінге шейін әр колхоз, әр ауданнан табылады. Қырғыз, қарақалпақта да айтыс үлгісі осы күйде. Бірақ осы айтқандарға қарап, жалпы айтыс өнері ерте күннен де тек осы үш елдің ғана өнері еді десек, адасамыз. Анығында, бұл түр дүние жүзі әдебиетінің әр дәуірінде, әр алуан елдерде болып өткен. Әсіресе, қазақта суырыпсалма ақын, ақпа ақын дейтін шапшаң айтқыш ақындар орта ғасырда шығыс, батыстың көп елдерінде, орыс халқының ескілігінде де болғанын көреміз. "Импровизатор" дейтін атауымыздың өзі де солардан қалған. Осылардың арасынан айтыстың дәл өзін ұстанған - арабта мұғаллақаттауды тудырушылар бір алуан.