K-pop қызықтары
2013 жылдың бірінші жартысында YouTube-те ең көп қаралған к-поп бейнебаяндардың ондығы.
Ешкімге жаңалық болмас, PSY-дың [b:3pi78aep]“Gentleman”[/b:3pi78aep] бейнеклипі YouTube-те ең көп қаралған к-поп бейнеклипі болып отыр.
“Gentleman” PSY-дың алдыңғы жұмысы “Gangnam Style”-дің табысын қайталады деуге болады. Ол жарияланған күні-ақ 100,000-нан аса көрілім жинаған. Сәуір айында шыққан бұл бейнеклипті қазірге дейін 453 миллионнан астам адам көрген екен.
Ең көп көрілген к-поп бейнеклиптерінің екінші орынын корей тілінде ән шырқамайтын, топ ішінде құрылған топ алып отыр. Super Junior-лықтардың қытай тілінде ән шырқайтын Super Junior-M тобы “Break Down” бейнеклипін шығарған болатын. Жылдың бірінші аптасында 13 миллионнан астам көрілім жинаған.
Сонымен қатар, төртінші орында да топ құрамында ән салатын G-Dragon-ның “Michi Go” бейнеклипі жайғасты, ал топ ішінде құрылған тағы бір топ SISTAR19 [b:3pi78aep]“Gone Not Around Any Longer”[/b:3pi78aep] бейнеклиптерімен бесінші орында.
4minute сәуір айында “What’s Your Name” әнімен қайта оралды. SISTAR19 тобымен осы тізімге кірген қыздардан құралған топтардың ішінде осы екеуі ғана.
[b:3pi78aep]“Disturbance”[/b:3pi78aep] бейнеклибімен БоА алтыншы орынға жайғасты. Айта кетсек, бұл клипте SHINee тобының әншісі Тэмин түскен болатын. Ал SHINee-лықтардың екі бірдей клипі — [b:3pi78aep]“Dream Girl”[/b:3pi78aep] (7 орын) және [b:3pi78aep]“Why So Serious?”[/b:3pi78aep] (10 орын) тізімге кірген.
Сонымен қатар, жаңадан шыққан топтар B.A.P және EXO “One Shot” (8 орын) және [b:3pi78aep]“Wolf”[/b:3pi78aep] (9 орын) бейнеклиптерімен білікті әншілерді басып озды.
Мен оны Шайнидың "лицосы" деуге Шайниды қимаймын тіпті. "Талғамға талас жоқ"