Мұғалім таңдау дұрыс па?

Алла қаласа, ұлым тамызда жеті жасын толтырып, күзде мектепке барады. Жұбайым зыр жүгіріп медосмотрдан өткізді, тісін жөндетіп жүр(әріптерді дұрыс айтпай қалады деп), дүкеннен дүкен қоймай киім кешек, жазу құралдарын толтырып алып қойды. Одан қалса қосымшаға апарып, бір жерге әліппе оқытып жүр, қазір оқып бармаса программа ауыр екен , баламыз көштің соңында қалады, сен қиналмайсың деп мені түртіп қояды арасында.Менің міндетім ақша табу, сенікі жұмсау ғой деп құтылайын десем, бала ортақ деп жеңіп кетті.
Бір күні кеште Енді бұл балаға мұғалім таңдау керек деп ұсыныс айтты. Мен мектепті түсінбеймін де, көргім де келмейді, өзің біл дедім ғой. Түсте келіншегім хабар айтты: биыл 4 мұғалім 1 кл алады екен, танисың ба, сен де сол мектепте оқыдың ғой дейді. Содан әлгі ұстаздарды сыртынан сорттап, елден сұрап бір жақсы білімді мұғалімді 4-еудің арасынан тауыпты. Соған жазылып қою керек деп қапылып, адам тап, біздің баламызды сол оқыту керек деп миымды ашытты. Сіз бұған не дейсіз халайық?Қай мұғалімде оқыса да бәрібір емес па, әлде келіншегімдікі дұрыс па?Ақыл қосыңыздаршы

Меніңше келіншегіңіздікі дұрыс) Бастауыш сынып деген фундамент қой. Мұғалімнің рөлі зор. Сондықтан жақсы ұстаз таңдаған дұрыс.
Жер жаһанды жегідей жеген жемқорлық біздегі Білім беру саласына да сынадай қағылғалы қашан? Сол сәттен бастап Білім саласының әртүрлі деңгейдегі басшы-құсшылары өзі тізгіндеген оқу орындарына нақтылап "иелік" етті. Яғни, сол білім ордасын өзінің "бизнес көзі" деп түсінді... Дүниеге келе салысымен балаңды бала бақшаның кезегіне тіркетесің, бірақ балаң мектепке барғанша оның кезегі келмейді. Неге? Пара беру керек! Міне, пара беру мен ақша жинаудан басталатын бұл процесс он бір жыл мектеп қабырғасында, одан соң төрт-бес жыл түрлі ЖОО-да жалғасады да, бір таныстың "шарапаты" арқылы жұмысқа тұрумен сәл тыныстап алып, "берсең аласың, ексең орасыңмен" әрі қарай жаңа миссиясын жалғастырады. Бұның соңы ендігі жерде ата-аналардың "Мұғалім таңдау дұрыс па?" деп, айдай әлемнен жәрдем сұрауларына алып келді. Білікті, өз ісінің кәсіби шеберлері жоқ емес ұстаздар арасында, тіпті жас мұғалімдер арасында да білімділері бар. Өкінішке орай "қарын майды бір құмалақ шірітеді".
Бұның соңы ендігі жерде ата-аналардың "Мұғалім таңдау дұрыс па?" деп, айдай әлемнен жәрдем сұрауларына алып келді.

Мен өзімді ыңғайсыз сезініп қалдым.Адамды алалауға кірісіп кетіппін ғой
Әсет, тіпті де олай емес. Қоғамдағы қалыптасқан ащы шындық осы. Ұрпағының болашағына алаңдаған ата-ананың ізденісі заңды.
Ақжелең замандасымыз дұрыс айтатын сияқты, қыздар бір-бірін өте жақсы түсінеді ғой."Халық өзі таңдайды қай істің де шеберін" деп марқұм өз атам көп айтушы еді. Тек сол халықтың құрметін көтере алса ғана, нағыз шебер, ас маман болғаны да. Мен жай ойларыңызды білейін дегенім ғой.
Жарыңыздікі дұп-дұрыс! Бірақ, елдің сөзі рас па, ол ұстазды адамдар қандай ерекшеліктеріне қарап бағалауда? Мәселе сонда, ал егер шын мәнінде жақсы болса, он дұрыс!
Әрине дұрыс. Әсіресе бастауыш сыныпта баланың іргетасын дұрыс қалау керек.