Табиғат лирикасы

Табиғат лирикасы

Табиғат лирикасы - лирика жанрының бір түрі, ақынның ішкі жан-дүниесі оның әр түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі, суреттеуі арқылы танылатын өлең-жырлар. Т. л-ның алғашқы белгі, нышандарын фольклорлық поэзиядан байқауға болады. Өйткені қашанда адамзат табиғатпен етене жақын. Сондықтан айнала қоршаған орта және оның түрлі жаратылыс сырлары адамның назарын өзіне аударған. Осындай жағдайда ақындар табиғатқа арнап лирикалық өлеңдер жазып отырған. Біреулер табиғаттың пейзаждық суреттерін жасаса, енді бір акындар сол табиғат арқылы қоғамдық өмірді, адамның ішкі көңіл-күйін астасты- ра жырлаған. Т. л-н айтқанда, ұлы Абайды еске аламыз. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап жазған өлеңдері осы уақытқа дейін оқушысын там- сандырып келеді. Абайдан соңғы қазақ ақындары да (С.Сейфуллин, МЖцмабаев, I.Жансүгіров) Т. л-н көптеп жазды. Ал бүгінде табиғат туралы жазбаған ақындарды кез- дестіру қиын. Демек, Т. л. өзінің мәңгілік жырлана беретін тақырып екенін айғақтайды.