Зәки Ахметовтың Абай ақындығын зерттеуі

Зәки Ахметовтың Абай ақындығын зерттеуі

Зәки Ахметұлы Ахметов (4.5.1928 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ұзынбұлақ ауылы) — ғалым. Филология ғылым докторы (1965), профессор (1966). Қазақстан ғылым академиясының коореспондент-мүшесі (1975), академик (1983), еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1978). ҚазМУ-ды бітірген (1948, қазіргі ҚазҰУ).

1948–1951 ж. КСРО ҒА-ның Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) Шығыстану институтында аспирант
1951–1975 ж. [[Қазақ қыздар мемлекеттік педагогика институты|Қазақ қыздар мемлекеттік педагогика институтында]] кафедра меңгерушісі, декан
1975–1984 ж. Қазақстан ҒА-ның Әдебиет және өнер институтында директордың орынбасары, директор, Қазақстанға-ның акад.-хатшысы,
1984–1986 ж. вице-президенті,
1986 жылдан Әдебиет және өнер инcтитутының бөлім меңгерушісі. «Қазақтың өлең құрылысы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған.

Зерттеулері қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы мәселелеріне, қазіргі әдебиеттанудағы дәстүр мен жаңашылдық, көркемдік шеберлік, поэтика, әдеби байланыстар проблемаларына арналған. Қазақ өлеңінің өзгешеліктері мен құрылымын зерттеудің ғылыми жүйесін жасады. Абайтану, әуезовтану мәселелерін текстол., тарихилық қырынан зерттеген іргелі ғылыми монографиялар жазды. Абайдың толық шығармалар жинағы басылымдарын (1954, 1957, 1970, 1995) дайындап, құрастырушылардың және түсініктемелер авторларының бірі болды. Зәки редакциясымен «Әдебиеттану терминдерінің сөздігі» жарық көрді (1996). Ш.Ш.Уәлиханов атындағы (1980), Абайдың шығарма мұрасын зерттеу және «Абай» энциклопедиясындағы мақалалары үшін 1996 ж. Зәкиге ҚР Мемлекеттік сыйлықтары берілді. «Өлең сөздің теориясы» аталатын монографиясы 1992 ж. Қытайда жарық көрді. Қазақстан Жоарғы. Кеңесінің депутаты болып сайланған (1985).