"Тілдік қатынас" дегенді қалай түсінесіз?

"Тілдік қатынас" дегенді қалай түсінесіз?

Қазақ тіл білімінде осы мәселеге жете көңіл бөліп, арнайы зерттеген ғалым – Фаузия Шәмсиқызы Оразбаева.


Ф.Ш.Оразбаеваның бұл саладағы басты еңбегі — 2005 жылы жарық көрген «Тілдік қатынас негіздері». Бұл еңбекте, ғалымның өзі айтқандай, алғаш рет қазақ тіл білімінде «Тілдік қатынастың негізгі сипаты, құрамы мен басты қағидалары, оны қолданудың әдіс-тәсілдері қарастырылып, терминдері ғылыми айналымға түсті».

Ғалым 1996 жылы докторлық диссертация қорғап, 2000 жылы «Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі» атты еңбек жазды. Бұл кітап – жоғары оқу орындарында оқытылатын пәнге арналып, солардың негізінде жазылған оқулық.

Еңбек төрт бөлімнен тұрады: алғашқы бөлімінде тілдік қатынас мәселесін зерттеудің тарихы сөз болады. Мұнда, әсіресе, көңіл бөлетіні — қазақ тілін сапалы оқыту мәселесі. Орысша «языковая коммуникация» терминімен берілетін ғылыми ұғымның мәнін ғалым қазақ тілінде екіге бөліп қарастырады: тілдік қатынас және тілді оқытудағы қатысымдық әдіс. Бұл сөз болып отырған құбылыстың теориялық жағы мен әдістемелік жағын қатар қарастыру деген сөз.