Қазақ лексикологиясын меңгерудің жолдары.

Қазақ лексикологиясын меңгерудің жолдары

Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халыќтар тілінің көпшілігінде термин болып ќалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арќылы келіп орныќты. Бұл термин - бір тілдегі барлыќ сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің говорлары да, диалектілері де енеді. Лексикалыќ ќұрамына енген сөздерді тексеретін-лексикология, мағыналарын тексеретін-этимология., сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін-лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Тіл ғылымының этимология, лексикология, семасиология, лексикография деген тараулары лексиканы тексереді. Сонымен ќатар лексика грамматиканың негізгі базасы болып табылады. Грамматикалыќ категорияларды сөздің грамматикалыќ өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын-оның негізгі обьектісі болатын-сөзден бөліп ќарауға болмайды. Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалыќ системадағы алатын орнын, шығу төркіне ќолдану ќабілеттігін күнделікті ќарым-ќатынастағы көрінісін, стильдік мәні мен сипатын тексеретін лексикология.