Тіл, сөйлеу мәдениеті дегендер көп ұғымды қамтиды. Ең алдымен, бұл – адамдардың тілді дұрыс қолдануы деген сөз. Ашып айтсақ, бұған білдірмек ойға сөздерді сай етіп дұрыс, дәл таңдай білу, ой мен сөздің құр дәлдігін табу емес, сонымен қатар сөздердің тыңдаушыға әсер ететіндей орынды, көркем варианттарын тауып қолдану жатады. Сондай-ақ сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстыра білу, дұрыс орналастыра білу де, сөйлемдерді тым шұбаланқы, түсінуге ауыр тиетін етіп те емес, тым қарапайым келте етіп те емес, дұрыс құрастыра білу де – тіл, сөйлеу мәдениетін көтерудің бір шарты.
Тіл қоғам өмірінде адамдармен өзара пікірлесу, түсінісу қызметі.н атқарады. Сондықтан тілді оймен байланысты өткір құрал ретінде ұстарта білу де өнер. Әрбір мәлениетті адам сол өнерді құрал ретінде ұстарта білу керек.
Буыны бекімеген икемсіз саусақтарыын ананың жылы төсегіне жүгіртіп, ана сүтін қылқ – қылқ жұтып жатқан нәрестенің құлағына алдымен ана сөзі естіледі. Адам тәлім-тәрбиесіз, өнер – білімсіз, іс-әрекетсіз өмір сүрмек емес. Сол өмірінде ол өзін қоғамнан тыс жүрен жанмын демей, халық адамымын деп есептеу керек.
Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс қолдану, сөйлеу үстінде оларды бір-бірімен қиюластырып, үндестіріп, дұрыс айту, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, тілдің ғасырлар бойы сұрыпталып келген, сөз зергерлері оюлап берген көркемдігі мен әсем өрнегін орнымен қолдану сияқты амал-әрекеттерді қамтиды.
Стилистиканың лингвистикалық міндеті стильдік әсердің өзін емес, сол әсерді туғызатын тілдік тұлғаларды зерттеу болып табылады. Стилистиканы оқытуды жоспарлағанда мұғалім стилистикалық қателердің түрлерін, олардың көпшілікке ортақ топтарын айқындап алу, оқушыларға стилистикалық талдаулар жасату, сөйлемдер мен қысқа мәтіндер, стилистикалық диктанттар жазғызу т.б. жұмыстарды саралап алған жөн.