Қазақ тілін оқыту әдістері, оны жүйелі қолдану
Қазақ тілін оқыту әдістері, оны жүйелі қолдану
Оқулық – білім алу құралы. Оның ең басты міндеті – оқушылардың білімін жетілдіру. Оқулық оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес жазылады. Оқулықта, бағдарламада көрсетілетін материалдардың желісі бойынша оқушыларға берілетін білім мен дағды берудің жүйесі толық және кең баяндалады. Ол – ана тілінен оқушылардың білімін толықтыратын, өз беттерімен үй тапсырмасын орындағанда жетекшілік атқаратын негізгі құрал. Оқулықтағы басты көңіл бөлетін мәселе – тіл дамыту мен байланыстырып сөйлеуге арнайы мәтіндер беріліп, олардың үйретілетін грамматикалық тақырыптармен байланысы ескерілуі жөн. 1978 жылдан бастап қазақ тілінің IV-V, VI-VII сыныптарға арналған үлестірме карточкалар жинағы жасалынды. Үлестірме карточка мұғалімнің жеке оқушымен жұмыс істеуіне шығармашылық бағыт беру мақсатын көздейді. Үлестірме карточка бір тапсырма негізіне сүйене отырып, бірнеше тапсырма беріледі. Оларды мұғалім сабақ үстінде кеспе карточка ретінде пайдаланады. Қазақ тіліне байланысты жазылып отырған осындай көмекші құралдардың негізгі мақсаты – оқу тәрбиесін кешенді жүргізу мәселелерін қарастыру.