Абай өлеңіндегі ұйқас түрлері

Абай өлеңіндегі ұйқас түрлері

Өлең тармақтарындағы аяққы сезердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін ажыратады. Ұ. Өлең жолдарын бір-біріне келген дейді, өлеңнің шумақ, тирада сияқты бөліктерінің әрқайсысын бір бүтін етіп тұтастырады, соңдықтан әр шумақтың немесе әр тираданың ұйқасы, суреті ез алдына бөлек-бөлек болып келеді. Қазақ өлеңі, оның ішінде Абай өлеңдері де аяққы ұйқасқа құрылған. Абай өлеңдерінде ұйқастың қазақ әдебиеті теориясың айтылатын түрлерінің (қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы, ерікті, кезекті, шалыс, егіз, аралас ұйқастар) бәрі бар. Абайдың ерен ақындық шеберлігі мен жаңашылдығының көрінісі - өлеңнің шумақты-шумақсыз құрылымына, сондай-ақ, шумақты өлеңдерінің неше тармақтан тұратындығына қарай ұйқас суретін құбылту - Ақынның 4 тармақты, 7-8 аралас буынды өлеңдерінің көпшілігі -а, -б, -а, -б суретті шалыс ұйқасқа құрылған. Мыс. :

Желсіз түнде жарық ай, - а
Сәулесі суда дірілдеп. – б
Ауылдың жаны терең сай, - а
Тасыған өзен күрілдеп. - б
Абайдың 4 тармақты бірөңкей 7 буынды немесе бірөңкей 8 буынды өлеңдері -а, -б, -а, -б және -а, - а, -б, -а суретті ұйқаспен жазылған. 6 тармақты, шумақты кейбір ұйқас өлеңдері -а, -б, -а, -б, -в, -в түрінде келеді, бұл да Абай шығармаларынан басталатын ұйқастың түрі: Ғашықтық іздеп тантыма - а Аз күн әуре несі іс? - б Өзіңнің қара артыңа, - а Өткен өмір бейне түс. - бСинтаксистік құрылымы мен композициялық құрылысы, ырғағы менұйқас суреті жағынан қазақ поэзиясына Абай әкелген соны дұниелер - оның сегіз аяқтары, яғни, 8 тармақты, шумақты 3 өлеңі. Бұлардың ұйқас суреті -а, -а, -б, -в, -в, -б, -г, -г. Мұндағы -а, -а, -в, -в, -г, -г ұйқасымен берілген тармақтар өзара бір-бірімен синтаксистік әрі мағыналық жұптар түзеді, Абай поэзиясындағы ұйқасқа қатыстырылған сөздер өлеңнің мазмұнына, ойына, стилінетікелей қатысты болып келеді. Оның Абайдың 1923 ж. Қазанқаласындажарықкерген өлеңдер жинағының алғашқы ішкі екі беті сатиралық өлеңдерінде адамның мінез-құлығын жағымсыз жақтан көрсететін сезердің бір тобы еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер. Сондықтан ақын «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»деген өлеңін бастан-аяқ қыртың, бұртың, тырқың, жырқың сияқты жағымсыз бейнелі сезердің ұйқасына құрады, жұртым, ұртың, құлқын деген мәнді, «бояусыз» сөздерді соларға ұйқастырады. Далпылдап, жалпылдап, бартылдап, барқылдап, шаңқылдап, тарқылдап «Болыс болдым, мінеки» деген өлеңінде, бос салақтап, бұтып-шатып, қудай атып деген сияқты бейнелі сөздер жағымсыз бейне жасау үшін ұйқасқа алынады.