Тілдің қатысымдық (коммуникативтік) қызметі
Тілдің қатысымдық (коммуникативтік) қызметі
Тіл – адамзаттың қоғамдық сипатын анықтайтын басты белгі. Адам баласының танымы мен түйсігі, сана-сезімі, ақыл-ойы тілден тыс дүние емес. Лингвистика – ғылымындағы жаңа бағыттағы зерттеулер адам мен қоғам, тіл мен қоғам, тіл мен ұлт, тіл мен сана, тіл мен таным, т.б. секілді құбылыстарды өзара бірлікте қарастырады. Демек, адамды тілмен біртұтастықта зерттеу лингвистиканың жаңа бағытта дамуына ықпал етеді. Осы орайда кейінгі кездегі лингвистикалық зерттеулердің қарқынды түрде субъектіге қарай бет бұруы – заңды құбылыс.