Когнитивтік бірліктер және концептуалды метафора

Когнитивтік бірліктер және концептуалды метафора

Тіл арқылы ұлтты тануға бағытталған ғылыми зерттеулерінің мәні, пайдаланатын деректері кешенді сипатта болады. Атап айтқанда, жас ғалым тек тілдік деректерімен шектелмей, тілтанымдық негізге ғана сүйенбей, сонымен бірге зерттеу барысында тарихи, философиялық, психологиялық т.б. зерттеулермен де шектесіп, кешенді зерттеу жұмыстарын үзбей жүргізеді. Бұл қағиданың тідің танымдық болмысын тануға қатысты тілде сақталған құпияны (тілдік код) зерттеуге тікелей қатысы бар. Атап айтқанда, қазақ тілінің танымдық сипаты туралы басқа да ғылым салаларының зерттеу нәтижелері мен мәліметтеріне назар аудару – тиімді әдіс. Себебі жас ғалым зерттеулерінде келтірілген әртүрлі этномәденитанымдық уәждердің лингвофилософиялық түсініктемелері көбінесе экстралингвистикалық факторлармен байланысты.