Концептілік өріс немесе концептілер аясы
Концептілік өріс немесе концептілер аясы
Тіл біліміндегі концептілік мәнге ие доминанттар – ұлттық танымдық қорда орын алатын мәдени ақпараттық мазмұнға ие тілдік таңбалар жүйесі болып табылады. Олар – ақиқат дүние мен бейақиқат дүние фрагменттерін адам санасында ұялатушы объективті басты тілдік құрал. Осы тұрғыдан келгенде концептілік мәнге ие доминанттардың семантикасы мәдени, дүниетанымдық ерекшеліктері айқын көп компонентті тілдік таңба ретінде ұлттың рухани мұрасы болып табылады. Поэтикалық контекстегі концептілердің көркем бейнеленуі ұлт дүниетанымында когнитивтік модель қалыптастыратын символдық, когнитологиялық, ассоциациялық ерекшеліктерді көрсетеді.