"Концепт" және "ұғым" мәселесі
"Концепт" және "ұғым" мәселесі
Қaзipгi тіл білімінде тілдің коммуникативтік кызметінің семасиологиялық, прагматикалық, функционалдьқ, когнитивтік, психолингвистикальқ жақтарын кешенді зерттеу қолға алынуда. XXI ғасырда жаңа теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тілді «өз-өзінде және өзi үшін» (в самом себе и для себя) зерттеу жеткіліксіз болып, оны ой-санамен, мәдениетпен және адамньң ТҰрмыс-тәжірибелік қызметімен тығыз байланыста карастыру кажеттігі туындады. Ғасыр тоғысында нeriзi қаланған тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мақсаты - тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой-өpiciн кеңейту; санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, логикальқ-позитивті және эстетикалық таным-білімнің реттелген, жүйеленген, өңдеуден өткен ақпараттарын тіл арқылы іздеп айқындау.