Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі таным категориясы

Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі таным категориясы

«Когнитивтік ғылым» термині алғашқыда белгілі 6ip ақпаратты қабылдап, оны белгілі 6ip өңдеуден өткізіп, мида сақтай отырып, кажетті кезінде оны колдану нәтижесінде адамның миында білім кабаттарының қалыптасу және тану үдерістерін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығын айқындау үшін енгізілген. Демек, танымдық ғылым – адамдардың қоршаған дүниені қабылдау және танымдық қызметтерінің, пайымдау нәтижесінде белгілі 6ip жүйеге келтіріліп, біздің санамызда белгілі бip жүйеге түcipіліп жазылып ділдік, яғни танымдық үдерістердің негізін құрайтын білім мен таным туралы ғылым. Көбінесе танымдық ғылымның адамның ми қыртыстарына әр түрлі жолдармен келетін білімнің қалай жазылу жолдары мен сол ақпараттардың белгілі бip өңдеуге түсу жүйелерін зерттейтін ғылым деген ықшам түріндегі анықтамасы қолданылады.