Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер ең алдымен қабылдау (восприятие), ойлау (мышление), тіл (язык), есте сақтау (память), әрекет ету (действие) тәрізді адамның когнитивтік құрылымына ерекше мән беріп ден қоя бастады. Зерттеушілер бұл аталған когнитивтік құрылымдарды бір-бірімен тығыз байланысты қарау принципін ұсынады.
Қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау, білім тәрізді когнитивтік құрылымдар ғылым салаларында бұрын да зерттеу нысанасы болған. Бірақ олар бір мақсат, бір міндет аясында бір-бірімен тығыз байланысты қараудың барысында адамның сезім мүшелері арқылы қабылданатын «дүниенің бейнесі» мен «дүниенің тілдік бейнесі» дәлме-дәл келе бермейтіні анықталды. Әсіресе, неогумбольдианства деп аталатын бағыттағы зерттеушілер мен лингвистикалық салыстырма теориясының авторлары Э. Сепир, Б. Л. Уорфтың пайымдауларынша, дүниенің бейнесін қабылдауда адам белгілі бір этностың тіліне тәуелді, яғни ақиқат дүниені тілдің «ұйғаруымен» қабылдайды. Бұл – тілдік детерминизм деп аталады .
«...Тіл мен таным процестерінің арақатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатынасы адам баласының интеллектуалды өміріне (оған тіл де кіреді) құндылықтар қанша рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен танымның ара қатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі».