Нетбук

Көп достарым нетбук алмауға кеңес береді. Мүмкіндіктері аз әрі ыңғайсыз дегендей. Өз басым, нетбукқа қарағанда, ауыр болса да ноутбукты пайдаланамын.

Нетбукты пинг тексергенге колдануга ынгайлы, системщиктер үшін. Баска бір колайлы жағын көрмедім
Нетбуктердің басым көпшілігінде FullHD-видео ойналмайтыны ұнамайды - видеожүйесі әлсіз. Әйтеуір кодектерді шұқылап-мұқылап 720 жолдықтарды ойнатсаң да, 1080-ге қақалып, слайд-шоу қылып жібереді.
Әрине, видеочиптары мықтырақтары да бар ғой, мысалы Ion2е немесе Е-350 негізінде жасалғандар. Оларда тіпті ойындарды да қосуға болады (қосқаннан кейін ойнауға болатындығы екіталай болса да). Бірақ олардың бағасы да кәдімгі ноутбукқа жетіп қалады.
Менімше, нетбуктардың заманы өтіп барады. Ультрабуктар барлык жағынан күшті болып тұр, таңдауымыз солар болмақ. Енді тек олардың арзандауын күтеміз.
Нетбуктердің басым көпшілігінде FullHD-видео ойналмайтыны ұнамайды - видеожүйесі әлсіз. Әйтеуір кодектерді шұқылап-мұқылап 720 жолдықтарды ойнатсаң да, 1080-ге қақалып, слайд-шоу қылып жібереді.

Али, нетбукта фуллЭичДи карап кайтпексің, егер ноутбуктің разрешениесі төмен, экраны кішкентай болса?!
"Асылбек Беделбеков" Али, нетбукта фуллЭичДи карап кайтпексің, егер ноутбуктің разрешениесі төмен, экраны кішкентай болса?!

Оның рас, нетбук алмағаным да содан. ФуллЭйчДиді тарта алатын нетбук іздегенімнің себебі - жалқаулық. Блюрэй-риптердің разрешениесін азайтып конвертациялап, әлекке түспеу үшін видеочипы жақсырағын іздегем. HDMI арқылы телевизорға шығарып көрем бе деген ойым да болған. Бірақ ол бәрібір mini-ITX-плата, есі дұрыс процессор мен аласа профильді видеокарта негізінде жасалған медиацентрге жетпесі айдай анық. Ондайға кетер қаржы (ИК-пультті қосқанда) шамамен дұрыс-ау деген неутбук бағасындай болғанмен, әлдеқайда күшті болар еді. Тіпті шіреніп қалған медиатанктерден асып түспесе кем шықпасы сөзсіз. Содан өзімді тоқтатқам^_^
нетбук АшДи фильм қарауға арналмағанғо негізі! Тіпті мультимедияға арналмаған! Интернет пен жеңіл-желпі офистік бағдарламаларға арналған! Әрине қымбат модельдері бар, бірақ оны алғанша неге толыққанды ноутбук алмасқа??? Мысалы мен ініме 49 990 теңгеге Алсерден Core i3 2.4 GHz, 3 Gb DDR III, 500 Gb HDD, intel 4500 бейне чипі бар 15,4 диюмді ноутбук алдым, бейнекартасы интегрированный болсада NeedForSpeed Hot Pursuit-ті жоғарғы разрешениеде қиналмай ойнатады! бұл осы бағадағы нетбукпен салыстыруға мүлдем келмейді!
П.С.Қазақболған соң ба, әйтеуір бәрін бәріне сынап көру керек)