Соңғы қоңырау...
Тарыдай болып аттаған табалдырықтан таудай болып кері шығатын талай тастүлектің тағдырлары талқыға түсер сәтке тақау қалды. Ұстаздар да, ата-ана мен балалар да әрі толқи, әрі қобалжи күтетін осы бір сәт әркімнің есінде мәңгі сақталып қалар ерекше толғаныстар мен тебіреністер әкелетіні даусыз. Соншама уақыт бірге ойнап, біте қайнасқан достар, араларын бір-бірімен білім біріктірген оқушылар мен оқытушылардың қимастықпен қоштасар сәті. Құшақ-құшақ гүлдер, шат-шадыман көңілдер қандай керемет! Осы сәттерді мен де сағынышпен еске алып отырамын, ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де күні бүгінгідей әлі көз алдымда. Оқушысы ұсынған бір құшақ гүл ұстаз үшін үлкен сыйлық екені көзіндегі қуаныш ұшқынынан тамып кетуге шақ тұрған мөлдір моншақ жастан сезіліп тұратын еді. Шәкіртінің жүрек тебірентер жылы лебізінің өзі ұстаз мәртебесін сонау бір алыс биіктерге асқақтата алып ұшар тылсым күштен төбесі көкке сәл-сәл ғана жетпей қалғандай көрінуші еді... Бұл кеше. Ал бүгін?
Қазіргі ұстаздардың көңіл-күйі мен көмей бүлкілі мүлдем өзгеріп кеткен десем, ешкім ренжімес деп ойлаймын. Орта мектеп мұғалімдері және директорлары алақан жаймаса да ата-аналардан қандай сыйлық келер екен деп көмейі көксеп, жұтқыншағы жыбырлап тұратын халге жеткен. Бір ғана мысал: Бір сынып соңғы қоңырауға деп 190 000 теңге жинаған (тек соңғы қоңырауға, мектеп бітіру кеші әлі алда). Оның 80 000 теңгесі мектеп пен сынып жетекшісіне сыйлық алуға арналады-мыс. Не үшін? Осындай мысалдар еліміздің кез-келген аймағының кез-келген мектебінде бар десем артық кетпегенім. Тіпті бәсекелестікке айналып бара жатқанға ұқсайды.
«Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға» демеп пе еді хакім Абай. «Шәкіртсіз ғалым тұл» демекші, шәкірт тәрбиелеген ұстаздың еңбегінің өтеуі оның қандай шәкірт тәрбиелеуінде. «Алтын белгі», «Ерекше үлгідегі аттестат» жаздырып алу үшін кейбір ата-аналардың тықпалаған сый-сыйяпаты шынында ұстаз деген асыл да ардақты атқа кір келтіре бастаған сияқты. Егер осылай кете берсек, аз уақыттарда «сыйлық алудан жылдың үздік ұстазын» да анықтай бастауымыз ғажап емес.

Оларды халықтың өзі жаман үйреткен, ұяттан қалса да, көштен қалғысы келмейді ғой! Бір шетінен 11 жыл бойы алақанына салып ардақтаған жандарға кетеріңде жақсылап тұрып бір сыйлап кеткің келеді...
тасжүрек екесің! Мен сияқты