[quote=""]Наймандардан құдай сақтасын... деп бір досым айтып отырушы еді Ақыры найманның бір қызымен отбасы құрмақ[/quқайта мен Найман елінің қызын алмадым деп өкініп жүрсем... досыңның шошығаны ай? Қалжың ғой ...жігттер. Барлық рулар да өзіміздің қазақтар. Өйтіп бөлінбейік жарай ма!
ммм, есіме түспей түр. Кім айтады екен?
Сырдың қызына жерлес табылыпты ғой. Маған қашан табылады екен а?
ммм, есіме түспей түр. Кім айтады екен?[/quote:rhpji5l8]
Селкеу түсіп кеткен бе,
Сеніміңе, Сыр қызы?
Қалжыңың ба, өкпең бе
Күлкің қайда қырмызы?
Бұртиясың неліктен,
Назың бар ма тағдырға?
Әлде менен жеріп пе ең,
Өкпелетіп алдым ба?
Құшағыма келмейсің,
Томсырайып тұрсың-ай.
Оңай жіби бермейтін
Сыр қызының қырсығы-ай!
Ағытылды талай мұң,
Топ қайыңның ішінде.
Құштарлықпен қараймын
Сол бір қызық мүсінге.
Жарасады күлсең де,
Ашуың да бір бөлек.
Сен қасымда жүргенде
Жан сарайым гүлденед(і).
Құйылады шапағат,
Кететіндей балқып іш.
Мені өзіңе апарад(ы)
Себепсіз бір тартылыс.
Массагеттің Поэзия айдарын қарап отырып, Ерқанат Қуатбекұлының мына шумақтарына кезіксем бола ма )