Арман екуміз үйленейк деп жүрміз. Бірақ кейінгі уақытта ол екеуміз үйленеміз гой, төсекте бірге болайық дап мазамды алып жүр. Осы үшін жиі келіспей ұрсысып каламыз.. Мен оған сенер сенбесімді білмеймін.
әр қыз бала ақ босағаны абырой-арымен аттаған дұрыс. шыдай алмай бара жатырса үйленіп алыңыздар!!! Басы істейтін қыз жігіттің ондай сөздеріне алданбауы тиіс (сені мәпелеп өсірген ата-анаңды ойла, олардың атына кір келтірмей, абыройыңды биік ұстау сенің перзенттік міндетің!)
Әрине тұрмысқа шыққанша пәк болған дұрыс, бірақ... көбіне солар ажырасып жатады. Себебі бір бірін тек тұрмысқа шыққан соң ғана таниды да, ұнамай қалатын жағдайлар көптеп кездеседі.
Өзі үшін маңызды деп тапқан (бәлкім өзге бәзбіреулер үшін де) "Маңызды емес Меннің" мына сауалына мәнді де, маңызды жауаптар беру үшін Алла ауыздарыңызға аталы сөздер айтуға нәсіп етсін!
Әрине тұрмысқа шыққанша пәк болған дұрыс, бірақ... көбіне солар ажырасып жатады. Себебі бір бірін тек тұрмысқа шыққан соң ғана таниды да, ұнамай қалатын жағдайлар көптеп кездеседі.
бұл статистиканы ақпараттың қай қайнар көзінен алдың?
Осылай сұраған, істеген қанша қызды білемін.Олардың көбісі келісіп, артынан сол жігітке тисе де, тимесе де сол істегеніне өкінеді. Жігітіңіз шыдай алмайтын болса, қазір-ақ үйленуге не кедергі?
бұл статистиканы ақпараттың қай қайнар көзінен алдың?