Отбасында кім қожа?

Кеше (03.04.2013) «Айтуға оңай» ток шоуы «Отбасында кім қожа?» деген тақырыпты талқылады. Көптің көкейінде жүретін өзекті мәселе. Біз расында көп айтамыз, бізде ер балаларымыз жасқаншақ әлде қыз мінезді дегендей пікірлерді. Ал бойжеткендер тарапы ер мінезді жігіттер жоққа саятын пікірде екен. Ток шоуда да айтудай–ақ айтылды. Сол бұрынғы уәждер, сол баяғы дәлелдер мен дәйектер: мектептегі ер мұғалімдердің аздығы, әкесіз отбасында тәриеленудің әсері, жұмыссыз немесе жалақысы аз жұмыстағы еркектің әйелі алдындағы дәрменсіздігі, гендерлік саясат, т.с.с. Осыларды бодырмаудың тәсілі бар ма, болса қалай, ағайын?
Қаймана қазақта ежелден ердің орны ерекше мәртебеге ие. «Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық» деген сөзді қазекеңдер әйел затын, оның ішінде өз анасын, өз қызын қала берді өз қарындасын төмен санағандықтан айтпаған. Ер адамның отбасындағы орнын анықтай отырып, ер азаматқа аса бір салмақты жауапкершілікті де жүктеген. Әкенің қас–қабағын бағып, ымымен ес біліп, етек жапқан қазақ баласымыз. Осылай тәлім алып өстік және осылай болуымызға әрине анамыздың ықпалы әсер етті. Әкеге деген ізеттің елге деген құрмет екенін ұғындырды. Менің бұл сөзіммен қазіргі жас буынды қоса алғанда бірнеше буын ұрпағы келіседі. Себебі, қазақи этнотәрбиенің сан ғасырлар бойғы қалыптасқан ережелер жиынтығының бір «бабы». Аяқ асты болып қаншамасы күресінге кетті. Халықтық педагогиканы оқытып жатырмыз, ұлттық сананы қалыптастырып жатырмыз, деп көпіреміз. Бос сөз бәрі. Ол дегеніңіз– оқушылар мен студенттерге киіз үйдің макетін көрсетумен, ұлттық киімдер киіп концерт қоюмен біте салатын шаруа емес. Кешенді жоспар жасалу қажет секілді меніңше. Мектепте оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай кезең–кезеңге бөліп өткізілетін оқу жоспарларын түзу керек. Оқулықтар мен көрнекіліктер өз алдына. Үлгілі ата–аналар мен үлгілі отбасыларының мүшәйрасын мектеп аралық, ауданаралық, облысаралық және республикалық етіп өткізіп, оларды ынталандырыу қажет. Қаржы дейсіз бе? Білім саласына милиардтап құйылып жатқан ақшаның бір мысқалы да жетеді бұл шара үшін. Одан қалса, қазақ мецанаттарын (шетел әншілеріне ақшаларын мақтан үшін құр босқа шашып та жүр ғой) іске қосуға неге болмасқа?
Сөз соңын Бейсен Құранбек бауырымыз: Баяғыда бір патша екі сәйгүлігін уәзірлеріне ұстатып: Елде кім отбасында шын қожа, нағыз еркек? Соған осы сәйгүліктердің ақбозын сыйға тартыңдар деген екен. Ауыл мен аймақты, ел мен елдімекендерді аралап келе жатқан патша уәзірлері осындай жерде, осындай адам бар. Сіздердің іздеген адамдарыңыз сол болуы тиіс дегенді естіп, салып ұрып келсе, екі метр бойы бар, иығына екі адам мінгендей түсі де сұсты ер адам алдарынан шыққан екен дейді. Расында нағыз еркек, отбасының қожасы осы кісі деп түйіп, патшаның айтқанын жеткізе тұрып, осы аттардың ішінен қалағаныңызды алыңыз десе, әлгі ер адам артына бұрылып, «әй, бәйбіше, екі аттың қайсысын таңдаймыз», депті деген сөзбен аяқтады.
Патшалардың ілуде біреуі болмаса, әйелімен ақылдаса қоймаған. Кеңесші уәзірлерді не үшін ұстады, солар ақыл қосып отырған.



--------------------------------------------------------------------------------

Жалпы өзім еркек адам болуы тиіс деп ойлаймын. Үйде әкем қожа. Сол себептен болар менде үйдже басшы ер адам болу керек деп ойлаймын. Ал, кей кездері әйел адамның қожа болғаны дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, үйіндегі отағасы әлжуаз, жұмыссыз, оқымаған болған жағдайда.
Ер адам яғни әкем. Ер адам үйдің тірегі дейді, әкемсіз бізде шаруа шешілмейді. Бірақ...қаражат жағы әйел адамда болғаны дұрыс деп ойлаймын.
Әрине,ер адамның рөлі биік. Әйел - мойын, еркек - бас деп те бекер айтпаған ғой!
Ер адамдарды жасытатын көптеген саясаттар бар. Мысалы ерлі зайыптылар ажырасып жатырса әйелдің хұқығын қорғайды ,заң ер адамға ештеңе қалдырмайды, Гендерлік саясат деп Әйел адамды көптеген жерлерге басшы етіп тағайындайды.Өте іскер ,сауатты, от басы бала шағасы бар, салмақты әйел басшылар бар, оларды қолдаймын, ал от басылы емес, күнде айхайдан бас алмайтын кәрі қыздардың шабарманы болып жүрген ер адамдар амалы жоқ бала-шағасы үшін солардың айдауында жүр. Осылар жасымай қайда барады . Өзі басшы болайын десе қазір басшылық қызмет мыңдаған доллларды қажет етеді. Содан келеді да өзінен білімі төмен, мәдениеті төмен Қыз болсын Ер болсын Байдың балдары өзіне басшы болғанына іштей намыспен өртенеді де жүреді. Гендерлік Саясат Қазақтың салтына, мәдениетіне жат нәрсе. Гендерлік саясатсыз-ақ Қазақтар Әйелді құрметтеген. Ал гендерлік Саясат Әйелді құрметтеу емес құтырту.
Әкем қожа.