Қазақ қыздары рэп айтса, маңдайымыздың соры тағы да қалыңдай түскені деп ұқ, айналайын. Біздің барымыздан айырылып, күннен-күнге пұшайман халге түсіп бара жатқанымыз ненің кесірі? Еліктеушіліктің, ағайын, еліктеушіліктің кесірінен. Біресе батыстың, біресе шығыстың, әлде болмаса мұхитттың арғы жағындағы біздің менталитетімізге де, салт-санамызға да жат, жат емес-ау тіпті мүлдем бөтен, кереғар да кесепатты бірдемелерге неге сонша әуеспіз? Неге?! Шалбарларының ауы тізелеріне түскен, екі қолдарын ербеңдете даңғыр да дүңгір музыкамен жарыса, мәнсіз әрі мағынасыз сөздерді бірінен соң бірін шұбырта сөйлеген музыка жанрын қазақ қызы айтып тұрса қалай көрінер еді, айтыңызшы!? Қазіргі мода, қазір жастар тыңдайды, т.б пікірлер айтылар, айтылуы заңдылық та. Алайда, рэп бізге жат.
Айтпай-ақ қойшы, Айнагүл!
Қыздарға жарасатынына менің де күмәнім бар, алайда өміріңде өзіңе ұнайтын іспен айналысқан дұрыс қой!!!