Өзін-өзі тану пәні керекпе?
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің міндеті - оқушының ішкі жан- дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беруді көздейді.
Өз мамандығымның қазіргі қоғамға ең қажетті мамандық деп санаймын және рухани білім беру арқылы елімнің мақтан тұтар азаматшалары мен азаматтарын тәрбиелеу бақытты ұстаздық жолымның жарқын қадамы екендігін шын жүректен мақтан етемін.
Егер өз деңгейінде оқыған білгір маман жүргізсе жақсы сабақ болуы керек. Қарындасымнан естігенім, кітаптың іші толы әріп қате, біреудің өлеңін, әңгімесін шатастырып алып басқа біреудің атымен жариялап қойған дей ма, жалпы сондай да кемшілігі бар екен. Өзім сол кітапты қолыма ұстап көрген емеспін.Биыл қарындасым өзін-өзі тану пәні өткен жоқ, оны завуч беруі керек еді, ол кісінің қолы тимейді үнемі шулап босқа отырамыз деп те айтып келді. Қарайған ақша осылай далаға "спокойно" шашылып жатыр ау
Шын айтам дымға керек емес, тіпті білгір маман бергеннің өзінде қуып кеткен сабақ па бірдеңе, әр жерден алынған құрау-құрау сабақ қой. Біреудің тақпағын(өлеңін емес), әнін айтқызып соны талдауға он сағат жібереді. Біреулер кеткесін бұл да құриын деп тұрған пән ғой
Ақжелең, сіз сөзді тамаша қолданасыз ғой. Ешкімнің намысына да тимей, ойыңызды да бүкпей әдемі жайып салыпсыз. Біреулер кеткесін құриын деп тұр
Бұл пәннен сабақ беруші мұғалімдер басқа мамандық иегерлері. Олар қазір квалификациядан тек қосымша ақша табу үшін ғана өтіп жатыр. Ал ел бойынша осы пәнді енгізу алдында министрлік әбден ойланып, дайындық жасап алуы керек еді. Қазір сабақта ойын ойнатса болды, Өзін-өзі тану деп ұғатын мұғалімдер көп. Сол үшін дәл қазір бұл пәннің қажеті шамалы.
Негізі бұл пән оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, оларды шығармашылық жолға тәрбиелейді. Яғни, бұл пән оқушылардың өз ойын қағаз бетіне түсіруге, бүкпесіз айтуға, еркін сөйлеуге негізделген. Дегенмен, кейбір мектептерде, әсіресе, шалғайдағы ауыл мектептерінде мамандар да, арнайы кабинеттер тапшы, тіптен, жоқтың қасы деуге болады.
оқушыларды бірінші кезекте ата-анасы тануы керек. Сол ата-ана баланың қабілетін ескеріп, ерте күннен бір ыңғайға тәрбиелеу қажет. "Ата-анасы тану" пәні десе әдемі-ақ!
Менімше 1-7 сыныптарға қана жеткілікті сияқты.Менің ойымша.
Менің ойымша, өзін-өзі тану пәнін жете тусінбеген, ұғына алмаған адам ғана, "бұл пән керек емес!, жәй ақша құрту!" деп айтады! Сіздер қайдағы ақша табу үшін курстан өткен адамдардан сабақ алып, аңгімесін естімегенде бұлай айта алмас едіңіздер! Егер сіздер "Өзін-өзі тану" колледжнан, институтынан сабақ алғанда білдей бір пән туралы пікірлеріңіз мүлдем өзгеше болатын еді!
Бұл мүмкін осы пәннің кінәсі емес шығар, бірақ мен осы сабақтан "жете түсінетіндей" ештеңе үйренген емеспін.