Менің алып сырларым 2
# 2 #
Әпке мен қазір қатты уайым үстіндемін. Қатты уайымдап жүрмін. Алдағы күні оқуға түсіп кете аламынба деген қорқыныш өте – өте басым! Білмеймін не істерімді. Аллам өзі бір жақсы жол көрсетер. Үмітімді үзгім келмейді, көкте тәңірім тұрғанда! Кешегі қиялдаған небір биік биік белестерім кейде жәй ғана жәй ғана көктегі бұлт сияқты көзге көрінгенімен қолға ұстай алмайтындай болып көрінеді. Кейде ойлаймын неге сол оқуымды жалғастырып кете бермедім екен деп, алайда, сол оқуда оқып жүргенімді ойласам жалғастырмағаныма қуанамын. Себебі бәрібір мен қаржы адамы емеспін. Мен cол оқуды жалғастырғанда, 4 жылымды сонымен қоса ата – анамның ақшасын далаға шашқан болар едім. Мейлі, өткен іс өтті, енді келер іс қайырымен келсін деп тілеймін жаратқанымнан! Болашағымның бұлыңғыр болмауына өзім еңбектене, өзім жетем, өзімді танытамын, Аллам әрдайым қуат бергей! Мына бір сөз менің жадымда жатталып қалыпты «Өмірде тұрып үйрену үшін сүрінуді жатсынба! Сен сүрінген сайын қайта тұрып, жүгіруді үйренесің!» Иә, өмір парақтарымның күн шуағы көріну үшін оған көлеңке керек емеспе? Сондықтан мен құласамда, сүрінсемде көздеген биік шыңға жетуден жалықпаймын! Әлсіз адам сынаққа төтеп бере алмайды, тек мықтылар ғана сынақтан өткен сайын шыңдала түспек. Өмір жібін көрікті өру әр адамның қолынан келмесі анық! Мен барымды саламын! Әпке, мен барымды, бар күшімді саламын!
Sandugash Ashirkhankyzy Kuandyk 03.04.2013.

Оқуға түсуіңізге тілектеспін!!!Тек жақсыны ғана ойлаңыз!!!