Компьютер интерфейсі
Қаншалықты қазақ тілін жақсы көресіздер!?Компьютерлеріңіздің интерфейсі қазақ тілінде тұр ма?Жоқ болса неге қоймасқа?Көп адамдар осы пікіріме "қазақша сөздер түсініксіз" дегенді айтып жатады. Сонда Қазақша түсініксіз деп орыс тілінде технологияны пайдаланып жүре беремізбе?Оқу орындарындағы коспьютерлерге неге қазақ тілінде интерфейс қолданбасқа?Осыған пікір білдірсеңіздер!!??
Комп/ноут бірнеше адамға ортақ дүние боп отырған соң ішкі баптаулары белгілі себептермен маған қолжетімді емес. Ал, телефоным сөзсіз қазақша. Ол мен үшін талқыланатын нәрсе емес, бір жылдан асты, тек қана қазақ тілінде. Шын!!! Иә, басында, болды кей функцияларды түсіну үшін тілін ауыстырып қарап алатынмын, ал қазір еш мәселесіз, еркін қолданамын. Баптаулар, мәзір, жүктеп алу, қалта ашу, файл атын өзгерту, өңдеу, кіріс қоңыраулары, жаңа хабарлама, сақтау, өшіру/жою - осындай ғана функциялар ғой, түсінбейтін несі бар?
Үйй маладес, дәл айттың! Телефонымда қазақ тілі жоқ, прошивкасын ауыстырғанда жоғалып кеткен. Бірақ мойындаймын, қазақша болса да орысша қойып қояр едім. Өйткені маған солай ыңғайлы. Ал ноутым мен жұмыстағы компым ағылшынша
Әңгіме білген білмегенде емес, олай шатаспаңыз!Әңгіменің астарын түсініп алған жөн!
Әңгіме білген білмегенде емес, олай шатаспаңыз!Әңгіменің астарын түсініп алған жөн!
Сізбен келісем, өз тілімізді жатсынғанымыз дұрыс емес-ау осы!