Дулатовтың Драмалық шығармалары, «Балқия» пьесасы

Қазақ әдебиетінде баспа жүзін көрген алғашқы пьесалардың қатарында 1922 жылы Орынборда басылып шыққан Міржақып Дулатовтың “Балқия” драмасы да айтылуға тиіс. Бұл шығарманың нақты қай жылы жазылғаны туралы дерек белгісізАвторлық ремарка ең алдымен кейіпкерлерді қысқаша мінездеп, олардың жас мөлшерін, бір-бірімен туыстық, кәсіби қатысын дәл көрсетеді. Мысалы: “Жарасбай – дәулетті адам. Жасы 68-де.Балқия – Жарасбайдың қызы.Ақылды, ашық ойлы.Жасы 19-да.Қасым – осы ауылдағы жәдит мұғалімі.Пікірлі, халықшыл жігіт.Жасы 25-те.Болыс – бай, жебір, зорлықшыл адам.Жасы 53-те.Тілмаш – болыспен жемтіктес, сұм жігіт.Жасы 31-де, - деп 18 персонаждың бәріне түсінік берілген.Шығарманың сахнаға лайықталғаны, әсіресе оқиға ететін ортаны, ондағы декорациялық заттарды дәлді көрсетуден жақсы байқалады.Алғашқы көріністе Жарасбай үйінде өтеді.Бірден пьесаның түпқазық бейнесі Балқиямен танысамыз. Бұл бұрынғы ескі ауылдың хат танымайтын, оң мен солын білмейтін, әке-шешенің айтқанынан шықпайтын, ескі салт-сана шырмауындағы көрбала қыз емес, жаңа дәуірдің толқынында қалыптасқан, дүниеге өз тұжырымы бар, көзі ашық, әр нәрсеге пікір айта алатын, тіпті ежелгі тұрмыс-салт ережелеріне, шариғат билігіне, құдалық рәсімдеріне қарсылық жасай алатындай қайраты бар.