Міржақып Дулатовтың "Бүркіт кегі" балладасы
Ұйқас қисыны а-а-б-а-а-б түріндегі Абай үлгісімен келетін 216 тармақтан, 5 бөлімшеден тұратын “Бүркіт кегі” балладасы ықшам да көркем, романтикалық, серпінді туынды. Мұнда да ақын өзінің азаттық, еркіндік, адалдық идеяларын дамыта, тереңдете түседі.Символдық, ишарат ойларға меңзейді.Қыр тағысын Есет баулып, мәпелеп, бабын тауып қайырып, түлкіге салып, қызығын көреді.Осыған қызыққан Баймырза төре құсты сұрап ала алмаған соң, иесі Есетті қанжармен өлтіреді.Әрине, тау тағысының иесі үшін төрені өлтіріп, кеудесін сөгіп, жүрегін суырып алуы – көркемдік қиялдан туған асқақ сурет.Ақынның зорлыққа келіспес, әділет жолында, намыс отына өртеніп кетер өрлік рухы атойлап тұр.