Шәкәрімнің Қалқаман-Мамыр поэмасы

Шәкәрімнің Қалқаман- Мамыр поэмасы. Қалқаман-Мамыр” - 1722 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған дастан. Авторы Шәкәрім Құдайбердіұлы. Жас жігіт Қалқаман мен ару қыз Мамыр бір-біріне ғашық болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты, екі жас "дәстүрді бұзғаны үшін" өлім жазасына кесіледі. Мамыр өз туысы Көкенай батырдың қолынан қаза табады. Ал Қалқаман өзін өлім жазасына кескен Кеңгірбай бидің "Енді жазадан құтылдың" дегенін тыңдамай, үстем тап өкілдеріне өкпелеп, Бұхара жаққа кетеді. Дастанда Қалқаманның ол жақта өсіп-өніп, ұрпағы жүз үйге жеткені айтылады. Халықтық шығармаға айналған дастан сюжеті феодальдық-патриархалдық дәуірдегі озбырлық пен әдет-ғұрыпты әшкерелейді, еркіндікті аңсаған халық идеясын паш етеді. “Қалқаман-Мамыр” дастаны алғаш рет 1912 жылы Семейде кітап болып басылып шыққан. “Қалқаман-Мамырдың” түрлі нұсқалары бар. Орталық ғылыми кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және мәтінтану бөлімінде 9 нұсқасы сақтаулы. Қалқаман Көкенай батыр атқан садақ оғынан аман қалғаннан кейін Ұлы жүз ішіндегі нағашыларына кеткен екен. Қалқаман ру аталығынан тарайтын ұрпақтары негізінен Ұлы жүз Бәйдібек ішінде Әйтек-Қалқаман ұрпақтары деген атпен белгілі болса керек