«Исатай-Махамбет» дастаны. Ығылман Шөрекұлы

«Исатай-Махамбет» дастаны. Ығылман Шөрекұлы (1876, қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылы – 1932, сонда) – ақын. Жасында ауыл молдасынан оқып, хат таныған. 15 – 16 жасынан өлең шығарып айта бастады. Қисса-дастандарды кітаптардан оқып, замандас жырау-жыршылар арқылы көп жаттаған. Жас кезінде Атырау өңірінде аты әйгілі Абыл, Ақтан, Қалнияз, Нұрым,Досжан, Махамбет, Төлеген тәрізді ақындардың өлеңдерін өнеге тұтып, Жаскілең, Бала Ораз, Жылқышы, Мұрат сияқты ақын-жыраулардың көзін көріп, тәлім алған. Көзі тірісінде бірсыпыра өлеңдерін Ташкентте шығып тұрған “Сәуле” журналында жариялады. Осы қалада сондай-ақ 1836 – 37 ж. ұлт-азаттық көтерілісі мен оның жетекшілері Исатай мен Махамбеттің қаїармандық ерлігіне арналған тарихи дастанын бастырды (“Исатай-Махамбет”, Ташкент, 1925). Бұл дастан кейін де бірнеше рет жарияланды. Ақынның “Исатай-Махамбет”, “Өзім туралы”, “Ақындар туралы”, “Шешендер туралы”, “Батырлар туралы”, “Халық алдында”, “Толғау”, “Күреңатқа” деген халыққа кеңінен танымал өлеңдері бар.