Ы.Шөреков өлеңдерінің тақырыптық арналары?
Ы.Шөреков өлеңдерінің тақырыптық арналары. Ығылман Шөреков — ақын, Махамбеттің бізге сақталып жеткен толғау, жырларын Ығылман Мұрат ақынның аузынан жаттап алған. Ығылманның айтуы бойынша жазылып алынып, баспа бетіңде жарияланған. Ол дастанда Махамбет әсері күшті байқалады. Ақын жасында ауыл молдасынан оқып, хат таныған. 15-16 жасынан өлең шығарып айта бастаған. Жас кезінде Атырау өңіріне аты әйгілі Абыл, Ақтан, Қалнияз, Нұрым, Досжан, Махамбет, Төлеген тәрізді ақындарды өнеге тұтқан. Көзі тірісінде бірсыпыра өлеңдерін Ташкентте шығып тұрған «Сәуле» журналында жариялады. Осы қалада сондай-ақ 1836-1837 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі және оның жетекшілері Исатай мен Махамбеттің қаһармандық ерлігіне арналған тарихи дастанды бастырады («Исатай - Махамбет» Ташкент, 1925). Ақынның «Өзім туралы», «Ақындар туралы», «Батырлар туралы», «Халық алдында», «Толғау», «Күрең атқа» т.б. өлеңдері бар