Т.Жомартбайұлының «Балаларға жеміс» жинағы
Т.Жомартбайұлының «Балаларға жеміс» жинағының басты тақырыбы – оқу – білімге, өнер – ғылымға шақыру. Оның өлеңдерінің көбі тікелей балаларға арналып жазылып, онда оқудың мәнін түсіндіру басым болып келеді. Өлеңдерінің көбі («Мектеп ішінде», «Мектепке шақыру», «Балаларға насихат», «Балаларға өнеге») Ы. Алтынсарин шығармаларымен үндесіп жатады.